jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Актриса Әсел Асқар шетінеп кеткеніне бір жыл толған ұлына жазба арнады (видео)

    Әсел Асқар
    Әсел Асқар. Фото: instagram.com/assel.askar

    Актриса Әсел Асқардың кенже ұлы Айбарыстың шетінегеніне биыл бір жыл өткен. Өнер иесі Instagram парақшасында ұлына жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Менің өмірімдегі ең ауыр, ең қиын жыл да аяқталды. Бүгінгі күнннен қатты қорыққанымды тек жақындарым ғана білетін шығар. Баламды сағынбаған күнім болған емес. Біреулер маған таңғалды, біреулер аянышпен қарады. Ал біреулер менің әрекетіме баға беріп үлгерді.

    Бірақ мен өз қайғыммен өзім үнсіз алыстым. Мен бұл жылды лайықты өткіздім. Мен өзімді қолға алғаным үшін, өзіммен жұмыс істегенім үшін мақтанамын. Құладым, қайта тұрдым. Бірақ өзіммен үнемі жұмыс істедім.

    Мен тек өмір сүруге тырыстым. Анам мен әпкеме шын жүрегіммен алғыс білдіремін. Мұндай қайғыдан кейін өмір сүру мүмкін, бірақ өте ауыр. Бір жыл маған он жылға татитындай болды.

    Ұлымның менімен мақтанатынына сенімдімін. Осы күшті маған берген ұлым. Мен оның махаббатын әр заттан көремін. Білемін, сен ораласың. Мен сені күтемін", - деп жазды Әсел Асқар.

    Естеріңізге сала кетейік, Әсел Асқардың кіші ұлы ауыр дертке шалдығып, жансақтау бөліміне түскен болатын. Ал кейінірек өнер иесі кішкентайының бақилық болғанын мәлім етті.

    Актриса Әсел Асқар шетінеп кеткеніне бір жыл толған ұлына жазба арнады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.