jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Құрмаш Махановтың азан шақырып қойған шын есімі белгілі болды

    Құрмаш Махан әнші
    Құрмаш Махан. Фото: "Ел" бағдарламасы

    Әнші Құрмаш Маханов азан шақырып қойған шын есімінің кім екенін айтты. "Жақсы адамдарым" бағдарламасына келген өнер иесі ел білмейтін құпиясын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Менің азан шақырып қойған есімім - Құрманбай. Құрбан айт күні туған екенмін. "Жас Қанат", "Азия дауысына" Құрманбай боп шығып жүрдім. "Азия дауысынан" кейін мені ауылыма шақырып, аудан боп жиналып, телеарна шақырды. Мағат ат мінгізді.

    Сол жерде ағайындар, көрші-қолаң "Неге есіміңді өзгерттің? Құрманбайды қайдан тауып алғансың?" деп назын айтты. Олардың бәрі мені "Құрмаш", "Құрмашек" деп атайтын. Мен құжаттағы есімім Құрманбай екенін айтып едім, "Жоқ. Сен Құрмаш болу керексің" деді. Сосын 1998 жылдан бастап сахнадағы есімім - Құрмаш болды. Менің өзіме де ұнайды", - деді Құрмаш Маханов.

    Айта кетейік, осыған дейін Құрмаш Маханов әндерінің музасы жайлы баяндап берген болатын.

    Құрмаш Махановтың азан шақырып қойған шын есімі белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.