jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Солай болады": актриса Cара Амангелді болашақ жұбайы үшін өнерден бас тартуға дайын екенін айтты

    Сара Амангелді
    Сара Амангелді. Видеодан кадр: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

    Актриса Сара Амангелді болашақ жұбайы талап қойса, өнерден бас тартуға дайын екенін мәлім етті. "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында өнер иесі бірінші орынға отбасын қоятынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бағдарлама жүргізушісі актрисадан "Сіз сүйіп қалдыңыз. Бас қостыңыз. Бірақ ол сізді сахнадан да, кинодан да көргісі келмейтінін айтып, талап қояды. "Үйде отырып, бала-шағаға қара. Үйдің жылулығын сақта. Мені күт" десе, ол бостандықтан айыру емес пе?", - деп сұрады.

    Ал Сара Амангелді отбасын бірінші орынға қоятынын айтты.

    "Жоқ, мен үшін олай емес. Меніңше, жақсы көрген адам ауызбіршілікте өмір сүреді. Бірақ мен одан басқа ештеңеге қызықпағанмын. Мен ер адаммен таласқым келмейді. Егер оның қалауы сол болса, солай болады. Мен әнге, өнерге ғашықпын. Басқа адамдар солай жасаса, мен қуанамын. Бірақ менің жанымда болатын болашақ күйеуім, менің ұрпағым. Мен өмірлік нәрселерге мән беремін.

    Мен үшін ең бастысы, жанұямды сақтап қалу. Жұмыс деген нәрсе бір күні бітеді. Ал басқасын қайтара алмайсың. Құдайға шүкір, Алла бақ берді. Ең бастысы, абырой мен сыйластық. Бәрі өтіп кеткенде "қап-ай" деп қалмас үшін, өзімді дайындап жатырмын", - деді Сара Амангелді.

    Айта кетейік, бұған дейін Сара Амангелді үш бөлмелі пәтерін көпшілікке көрсеткен болатын.

    "Солай болады": актриса Cара Амангелді болашақ жұбайы үшін өнерден бас тартуға дайын екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.