jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Айына 1 млн теңге таптым": әнші Райым Уайыс отбасын асырау үшін такси жүргізушісі болған кезін еске алды

    Райым Уайыс
    Райым Уайыс. Видеодан кадр: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

    Әнші Райым Уайыстың бүгінде үш ұлы бар. Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" анасы мен әйелін және балаларын асырау үшін карантин уақытында такси жүргізушісі қызметін атқарғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Ризықты Құдай өлшеп береді. Коронавирустың кезінде де қиналған сәт болды, бірақ аш қалмадық. Ешкімге алақан жайып, "Қарызға ақша бере тұршы" деген нәрсе болған жоқ. Білдіртпей жасаған жұмысым да бар.

    Жасыратыны жоқ, коронавирус кезінде таксист болдым. Үш балам, анам мен әйелім бар. Бәріміз бос қалдық. Түрлі чатта "Қарызға ақша бере тұршы" дейтіндер көп. Олай жата берген болмас. Сол аралықта көлік жүргізіп, адал қызмет жасадым. Бала-шағаны асырадым. Ол кезде өзің үшін емес, солар үшін жұмыс істейсің.

    Таныған адамдар да болды. Маска, көзілдірік, бас киім киіп аламын. Сол кезде айына 1 млн теңгеден аса тауып жүрдім. Тәулігіне 20 сағатты жұмыспен өткіздім", - деді Райым Уайыс.

    Айта кетейік, осыған дейін Райым Уайыс келіншегін көпшілікке көрсеткен болатын.

    Сонымен қатар өнер иесі 20 немере мен 3 шөбере сүйіп отырған анасы жайлы да айтып берді.

    "Айына 1 млн теңге таптым": әнші Райым Уайыс отбасын асырау үшін такси жүргізушісі болған кезін еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.