jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Гүлбаушан мен Қаракөз Тілеубековалар қазір қайда жүр

    Гүлбаушан мен Қаракөз Тілеубековалар
    Гүлбаушан мен Қаракөз Тілеубековалар. Видеодан кадр: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

    Әзіл-cықақ театрының актрисалары апалы-сіңлілі Гүлбаушан және Қаракөз Тілеубекова қазір қайда жүргенін айтты. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген актрисалар театрға кейде қонақ болып баратынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Өздерің білесіңдер "Тамашаға" жас буын келіп жатыр. Біз арасында қонақ болып келіп отырамыз. Қазір жан-жақты болғаннан кейін балалардың бәрі киноға кетіп жатыр. Қазір концерт жасау қиын.

    Бұрын "Тамашаның" кезінде, кейін Данагүл Темірсұлтанова екеуіміз "Аққу-Гәкку" боп бөлінгенде өзіміз ұйымдастырушы болып, өзіміз концерт жасадық. Оның өз ерекшелігі болды. Қазір концерт жасауға бара алмаймын.

    Өмірімізде қиыншылық болды. Бауырым қайтыс болды. Сонымен кішкене тоқтап қалдым. Тірі адам тіршілігін жасайды. Алла қаласа, бір-екі жылда шығармашылық кешімді берсем деймін. Әзірге демеуші жоқ, ешкімге айтпадым", - деді Гүлбаушан Тілеубекова.

    Ал Қаракөз Тілеубекова өздерін халық ұмытпағанын айтты.

    "Қазақ халқы, өнерсүйер қауым бізді ұмытқан жоқ. Кейде көзілдірікпен, бояусыз жүрсем де танып, суретке түсіп жатады. Кейбіреулер "Суретке түспейсіз" деп ренжиді. Ертең ол ақпарат тарап кетсе, "Мынау әбіржіп кетіпті" деген әңгіме айтылады", - деді Қаракөз Тілеубекова.

    Еске сала кетейік, осыған дейін әпкелі-сіңлілі жұлдыздар туған бауырынан айырылуына байланысты сахнаға шықпай жүргенін айтқан болатын.

    Гүлбаушан мен Қаракөз Тілеубековалар қазір қайда жүр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.