jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "4 қызымды алып, қаштым": Алтынай Жорабаева Астанаға қалай қоныс аударғанын айтты

    Алтынай Жорабаева
    Алтынай Жорабаева. Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

    Әнші Алтынай Жорабаева бұған дейін көпке айтпаған құпиясын желіде бөлісті. Өнер иесі Instagram парақшасында төрт қызын алып, Астанаға қашқан кезін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әнші Алтынай Жорабаева 2015 жылдың қазанында желіге "Ер адам Алланың тиымдары шеңберінен шыққанда, әйелінің мінезі шығады", - деген жазбаны бөліскен.

    Өнер иесі осы жазбасынан бірнеше ай өткенде қыздарын алып, Астанаға қашқанын ашып айтты.

    "Осы жазбаны 2015 жылы қазан айында жазғанмын. Шегіне жетіп, жарылайын деп жүрген кезім. Содан 2016 жылдың қаңтарында 4 қызымды алып, Астанаға қаштым ғой", - деп жазды Алтынай Жорабаева.

    Алтынай Жорабаева сторис
    Алтынай Жорабаева сторис. Скриншот: instagram.com/altynaizhorabayeva

    Айта кетейік, жақында өнер иесі бесінші сәбиіне аяғы ауыр екенін мәлім етті.

    Естеріңізге сала кетейік, Алтынай Жорабаева осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан болатын. Төрт қызымен қалған әнші 2020 жылы қайта тұрмысқа шықты.

    "4 қызымды алып, қаштым": Алтынай Жорабаева Астанаға қалай қоныс аударғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.