jitsu gif
Шоубиз

    "Қатесін уақыт өте түсінеді": Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуінің сыйлық сыйлағанын айтты (фото, видео)

    Мөлдір Әуелбекова
    Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

    Әнші Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуінің өзіне сыйлық тарту еткенін айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында сыйға алған құшақ толы гүл мен бренд білезікті көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Мені ұл-қыздың анасы деп құрметтейді мыс... Жалпы, әр адам өз қатесін уақыт өте түсінеді. Біреу - бір жылда, біреу - он жылдан кейін. Бастысы, қатені түсінгеннен кейін оны толық мойындау керек және болашақта қайталамау қажет", - деп жазды Әуелбекова.

    Мөлдір Әуелбекова сторис
    Мөлдір Әуелбекова сторис. Скриншот: instagram.com/moldir.auyelbekova

    Видеода әншінің көліктен құшақ толы гүлмен түскенін көруге болады.

    "Гүлді және Cartier браслетті бұрынғы күйеуім салып жіберді", - деп күлді әнші.

    Айта кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова сәтсіз аяқталған екінші некесі туралы бар шындықты баяндап берген болатын.

    Өнер иесі бүгінгі таңда екі некесінен екі бала тәрбиелеп отыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.