jitsu gif
Шоубиз

    Әнші Наркенже Серікбаева алғашқы махаббатына 18 жылдан кейін тұрмысқа шыққанын айтты

    Наркенже Серікбаева жұбайымен
    Наркенже Серікбаева жұбайымен. Фото: instagram.com/narkenjeserikbaeva

    Әнші Наркенже Серікбаева ел білмейтін құпиясын бөлісті. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында марқұм күйеуінің алғашқы махаббаты екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әншінің айтуынша, ол қазіргі марқұм күйеуімен 1998 жылдары қыз бен жігіт болып кездескен.

    "Бұл бейнебаяндағы жағдай тағдырдан алынған. "Эй, махаббат" бейнебаянындағы жігіт қазіргі жұбайым. Вокзалда алма сатамыз. Шамамен 1998 жыл еді. Ол маған көмектеседі. Екеуіміз қыз бен жігіт болып жүреміз.

    Кейін екеуіміздің тағдырымыз екі жолға кетеді. Мен басқа жігітке тұрмысқа шығып кетемін. Бұл - тағдырдың таңдауы. Маңдайдағы тағдыр ғой. Мен жолсерік жігітке тұрмысқа шығамын. Мен ол кезде жас болдым. Үлкен қызымның әкесі де жас болды. Солай үлкен қызым дүниеге келеді", - деді әнші.

    Өнер иесі арада 18 жыл өткенде алғашқы махаббатына тұрмысқа шыққанын жеткізді.

    "Арада 18 жыл өткенде алғашқы махаббатымызға жолықтық қой. Алматыда жолығып, қосылдық. Қызылордаға апарып, орамал тақты. Оның бұрын отбасы болған, ажырасқан", - деді Наркенже Серікбаева.

    Айта кетейік, өнер иесі марқұм жұбайымен 4 жыл 7 ай бірге өмір сүргенін жеткізді.

    Әнші Наркенже Серікбаева алғашқы махаббатына 18 жылдан кейін тұрмысқа шыққанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.