Ерке Есмахан ұлына қандай есім бергені белгілі болды (фото)
Жарияланған күні:

Ерке Есмахан осыдан бірнеше күн бұрын екінші сәбиін өмірге әкелді. Әншінің күйеуі Instagram парақшасында ұлына қандай есім қойғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Осыған дейін Ерке Есмахан перзентханадан у-шусыз шыққанын және сәбиі екеуін күйеуі алып кеткенін жеткізген еді.
"Райымбекұлы Ислам", - деп жазды Раим.
Ал желі қолданушылары жұлдызды жұптың отбасылық қуанышына тілектестігін білдірді.
"Бауы берік болсын", "Бақытты болыңыздар", "Қандай керемет көрініс", "Мүсілімнің бауыры Ислам. Қандай күшті", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан көпшілікке перзентханадан шыққан сәтін бөліскен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2048437-erke-esmaxannyn-ulyna-qandai-esim-bergeni-belgili-boldy-foto/