jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Фариза Төреәлі жүктілігін ең алғаш күйеуіне хабарлаған сәтті көрсетті (видео)

    Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев
    Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев. Фото: Instagram/farizatoreali

    Төреғали Төреәлінің қарындасы осыдан бірнеше күн бұрын ана атанғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Өнер иесі Instagram парақшасында жүктілігі жайлы күйеуіне алғаш хабарлаған сәтті көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Нью-Йоркте "Әйел құпиясы" атты жобамның түсірілімінде жүрген кезім. Түсірілім алдында жүкті екенімді біліп, қатты қуандым. Осылайша, бұл қуанышымды Дарханмен бөлістім.

    Күйеуімнің жүктілігім жайлы естігендегі сезімі видеода", - деп жазды Фариза Төреәлі.

    Видеода Фариза жұбайына қорапшаға салынған жүктілікке арналған тестті ұсынады.

    Ал мұны көрген Дархан Нортаев "Аллаға шүкір" деп жұбайын құшағына басты.

    Желі қолданушылары блогердің отбасына жақсылық тілеп, қуанышына ортақтасты.

    "Асырап алды дегендер қайдасыздар?", "Бақыт тыныштықты сүйеді", "Тіл мен көзден сақтасын", "Бақытты болыңыздар", - деп жазды желі қолданушылары.

    Айта кетейік, кеше Төреғали Төреәлінің қарындасы әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөліскен болатын. Фариза Төреәлі тұңғышын дүниеге әкелген.

    Фариза Төреәлі жүктілігін ең алғаш күйеуіне хабарлаған сәтті көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.