jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "19 жаста болды": Айқын әйелі Жұлдызды алғаш кездестірген сәтті еске алды

    Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали
    Айқын мен Жұлдыз. Фото: instagram.com/aikyn

    Отандық жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің қарым-қатынасы кезінде көпшілік арасында қызу талқыға түскен болатын. Арада жылдар өткенде әнші Айқын екінші әйелін алғаш кездестірген сәт жайлы "Жарқын жүздесу" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айқынның айтуынша, ол Жұлдызды алғаш рет Шымкентте тойда байқаған.

    "Топқа енді келгенде Жанар Дұғалова мен Кәмшат Жолдыбаеваның қасында бұл көрінбей тұрды. Енді келген кезі еді. Оның үстіне ұяңдығы бар. Әрі 19 жаста болды. Бірде Батырхан Шүкеновтің концертінде екеуіміз ән айтқан екенбіз. Оны кейін білдік.

    Ал жалпы алғаш рет Шымкентте тойда байқадым. Себебі бір жылдың ішінде өзгеріп кеткен", - деп еске алды Айқын.

    Ал Жұлдыз Өмірғали танымал топқа келмес бұрын қарапайым сатушы болып жұмыс істегенін айтты.

    "Алғашқы құрамда Кәмшат Жолдыбаева болды. Оған дейін қарапайым сатушы, сосын әлеуметтік қызметкер болып екі жұмыс істеп жүрген едім. Негізі мен "Кешью" тобына емес, "Лашын" тобына кастинг болған кезде бардым. Өзімді мұндай жерге лайық санамадым", - деді Жұлдыз Өмірғали.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Айқын мен Жұлдыз үйлену тойын өткізетінін айтқан болатын.

    "19 жаста болды": Айқын әйелі Жұлдызды алғаш кездестірген сәтті еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.