jitsu gif
Шоубиз

    Димаш Құдайберген әйгілі Пласидо Домингомен бірге айтқан әні шығатынын жариялады

    Пласидо Домингомен ән шырқап тұрған Димаш Құдайберген
    Пласидо Домингомен ән шырқап тұрған Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

    Димаш Құдайберген Пласидо Домингомен дуәт болып ән орындады - бұл туралы әнші Instagram-парақшасында хабарлады. Қазақстанның халық әртісі маэстромен суретін жариялап, премьера күнін жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Димаш Құдайберген маэстро Пласидо Домингомен дуэт жазды, қазақстандық әртіс өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеме жасады.

    Әннің премьерасы ертең өтеді - Қазақстанның халық әртісі перфомансты жазу барысында түсірілген фотосуретті көрсетті.

    Димаш сонымен бірге Доминго екеуі дуэт ретінде қандай шығарма орындағанын айтты.

    "Ертең 20 ғасырдың үздік дауысы, маэстро Пласидо Доминго мырза екеуміз орындаған 1863 жылғы Жорж Бизенің The pearl Fishers операсынан туынды орындаймыз", - деп жазды испандық опера әншісімен бірлескен фотосуреттің сипаттамасында Димаш Құдайберген.

    Димаштың испаниялық маэстромен коллаборациясына сахнадан ғана емес, одан тыс жобаларда да куә болдық - былтыр желтоқсанда қазақстандық музыкант Пласидо Доминго таланттар шоуында қазылар алқасының құрамына енген еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.