jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Арманым - үлкен кітапхана": Құралай Анарбекова болашақ күйеуінен мәһрге не сұрайтынын айтты (видео)

    Құралай Анарбекова
    Құралай Анарбекова. Фото: instagram.com/kuralay_corich

    Актриса Құралай Анарбекова болашақ күйеуінен мәһрге не сұрайтынын айтты. Болашақ жарынан 2 мың сирек кездесетін, коллекицялық кітап алғысы келетінін мәлім еткен өнер иесі желідегілерді таңғалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Видео aqolek Instagram желісіндегі парақшада пайда болды.

    "Көбісі көлік немесе үй сұрап жатады. Менің арманым - үлкен кітапхана. Мен оның шамамен қандай болатынын білемін. Маған мәһрге 2 мың кітап берсе екен деймін. Енді 2 мың кітап жай емес, сирек кездесетін, коллекциялық болса екен деймін.

    Ол кітапті бір күнде беруі мақсат емес. Ол кітаптарды бірге жинап, мәһрдегі 2 мың кітапты балаларымызға, немерелерімізге мұраға қалдырғым келеді. Психологиялық, тарихи және тағы басқа бағыттағы ерекше кітаптарды маған сыйласа деп армандаймын", - деді Құралай Анарбекова.

    Желі қолданушылары актрисаның жауабына таңғалып, жарыса пікір қалдырды.

    "Не деген жауап", "Ниетіңізге жетіңіз", "Өте дұрыс шешім", "Ақылына көркі сай ару", - деп жазды желідегілер.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан күйеуінен мәһрге ақ тұлпар сұрағанын айтқан болатын.

    Ал актриса Әсел Сәдуақасова мәһрге құны 150 млн теңгеден кем емес 2023 жылғы су жаңа Gelandewagen көлігін сұраған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.