jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Далаға шыға алмаймын": 94 жастағы Бибігүл Төлегенова қазіргі жағдайы жайлы айтты

    Бибігүл Төлегенова
    Бибігүл Төлегенова. Фото: "Таңшолпан" бағдарламасы

    Әнші, Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова жақында 94 жасқа толған. Опера әншісі "Таңшолпан" бағдарламасында қазіргі денсаулығы жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақта "Бір күн - ауру, бір күн - сау. Таба алмадым дертін" деген мақал бар ғой. Денсаулығым қазір сол сияқты. Бүгін жақсымын. Көбіне үйде отырамын. Қазір далаға шыға алмаймын. Екі аяғым ауырады. Бірақ былай жаман емеспін, Құдайға шүкір. Тамағым да жақсы. Жағдайым да жаман емес.

    Бір тал қызым бар - Гюзель. Екеуіміз бірге тұрамыз. Көбіне екеуіміз біргеміз. Сол қызым мені бағады, Құдайға шүкір. Қашан да болса, Гюзель жанымда", - деді Бибігүл Төлегенова.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Бибігүл Төлегенова өткен өмірін еске алып, бірінші күйеуі жайлы айтып берген болатын. Өнер иесі өзінен бір мүшел үлкен адамға анасының келісімінсіз тұрмысқа шығып кеткенін және отбасылық өмірде болған қиындықтарын бөліскен еді.

    "Далаға шыға алмаймын": 94 жастағы Бибігүл Төлегенова қазіргі жағдайы жайлы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.