jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Уақыт келді": виолончелист Бағжан Октрябрь қашан үйленетінін айтты

    Бағжан Октябрь
    Бағжан Октябрь. Видеодан кадр : OZMZғой бағдарламасы

    Танымал виолончелист Бағжан Октрябрь биыл 23-ке келді. Өнер иесі үйленуге асығып жүргенін REVUE NEWS бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Виолончелистің айтуынша, үйленуге ата-анасы асықтырмайды.

    "Ата-анам асықтырмайды. Өзім асығып жүрмін. Уақыт келді. Жасым 23-ке келді. Менде талап жоқ. Әзіл ретінде "Қыздың тобығы жіңішке болсын" деп айтамын. Күшті ғой", - деді Бағжан Октябрь.

    Еске сала кетейік, осы уақытқа дейін Бағжан Октрябрь белгісіз арудың әрекетінен кейін қорқып қалғанын жеткізген болатын.

    "Әкеме бір қыз "Мен Бағжанмен күнде бірге қыдырамыз. Түнде бірге боламыз. Бензинін құйып берем" деп жазады екен. Үйге келсем, анам маған біртүрлі қарап отыр. Қарындасым күліп тұр. Негізі көп сұрақ қоя бермейді. "Сенен бірнәрсе сұрайын деп едік" дейді. Қарындасым "Өтірік қой" дейді. Ал үлкендер сеніп қалады ғой. Осыдан кейін біраз қорқып қалдым, қауіпті ғой", - деген болатын Бағжан Октябрь.

    "Уақыт келді": виолончелист Бағжан Октрябрь қашан үйленетінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.