jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Достығымыз махаббатқа ұласты": Берік Тұрсынбеков әйелімен қалай танысқанын айтты

    Берік Тұрсынбеков
    Берік Тұрсынбеков. Видеодан кадр: "Менің өмірім" бағдарламасы

    Актер, әзілкеш Берік Тұрсынбеков әйелі Қарлығашпен алғаш танысқан кезін еске алды. Өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында жұбайымен бір жыл дос, сырлас болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Қырлығашпен "Шымкент шоудың" конкурсында таныстым. Мен де конкурсқа барып қатыстым. Сахнада автобус жайлы монолог оқып тұрғанмын. Сол кезде конкурсқа Қарлығаш та қатысады. Тура мен сахнада тұрғанда, Қарлығаш та келеді. "Залдың есігін ашсам, сен сахнада тұрсың. Өзбек па, түрік па? Қазақша жақсы айтып тұр ғой деп ойладым" дейді. Екеуіміз де конкурстан өттік.

    Театрда таныстық. Екеуіміз сырлас дос болдық. Бір жыл дос болдық. Бір жылдан кейін достығымыз махаббатқа ұласты. Отау құрғанда мен - 23 жаста, ол - 21 жаста еді. Екеуіміздің ұқсас жеріміз: дүниеге мүлде қызықпаймыз", - деді Берік Тұрсынбеков.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Берік Тұрсынбеков әйел рөлінен кейде шаршайтынын айтқан болатын.

    "Күлпаш" рөлінен шаршайсың ғой. Жалпы, әйел рөлін берсе, ат-тонымды ала қашамын. Жас кезімде кімнің рөлі болса да, бәрібір еді. Қазір таңдай бастадым", - деген болатын Берік Тұрсынбеков.

    "Достығымыз махаббатқа ұласты": Берік Тұрсынбеков әйелімен қалай танысқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.