jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Мақпал Жүнісоваға концертке келген тыңдарманы гауһар тасты жүзік тақты (видео)

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова тыңдарманымен. Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

    Әнші Мақпал Жүнісова қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде жеке ән кешін өткізуде. Кезекті бір концертте өнер иесіне тыңдарманы гауһар тасты жүзік тақты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл сәттің видеосын Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасына жариялады.

    "Гауһар тасты жүзік сыйлаған тыңдарманыма рақмет", – деп жазды әнші.

    Видеода концертке келген әйелдің әншінің қолына жүзік тағып, арқасына орамал жапқанын көруге болады.

    Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін жарыса жазды.

    "Құтты болсын", "Концертіңізге бардым. Жақсы өтті", "Еңбегі сіңген әнші ғой", "Әніңді шырқай бер", "Жүзікті игілігіңізге тағыңыз", – деп жазды желідегілер.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Мақпал Жүнісова концертіне келген өзге ұлт өкілімен сахнаның баспалдағында отырып ән айтқан болатын.

    Мақпал Жүнісоваға концертке келген тыңдарманы гауһар тасты жүзік тақты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.