jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Виолончелист Бағжан Октябрь тасқыннан зардап шеккен халыққа 5 млн теңге қаржылай көмек көрсетті

    Бағжан Октябрь
    Бағжан Октябрь. Видеодан кадр : OZMZғой бағдарламасы

    Қазақстандық виолончелист Бағжан Октябрь су тасқынынан зардап шеккен халыққа 5 млн теңге көмек аударды. Бұл жайлы өнер иесінің әкесі Өктем Алтаев мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Бағжан Октябрь су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек ретінде 5 млн теңге қосты. Біз біргеміз", - деп жазды Өктем Алтаев Instagram-дағы парақшасында.

    Ал желі қолданушылары Бағжанның бұл ісіне ризашылық білдіріп, жарыса алғыс айтты.

    "Бағжанның бағы жана берсін", "Жарайсыз", "Ер адам осындай болуы керек", "Димаштан кейін көш бастап тұрған жігіт екен", "Жомарттығыңды көрсеттің", "Бәрекелді", - деп жазды желідегілер.

    Айта кетейік, осыған дейін шоу-бизнес өкілдері бірігіп, су тасқынынан зардап шеккен халыққа 25 млн теңге жинап берген болатын.

    Ал танымал әнші Димаш Құдайберген тасқыннан зардап шеккен елге 15 млн теңге көмек аударды.

    Сонымен қатар Тұрсынбек Қабатов пен Мадина Сәдуақасова 1 млн теңгеден көмек жіберді.

    Виолончелист Бағжан Октябрь тасқыннан зардап шеккен халыққа 5 млн теңге қаржылай көмек көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.