jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Құдай қуат берсін": Төреғали Төреәлі су басқан Құлсары өңіріне барды (видео)

    Төреғали Төреәлі
    Төреғали Төреәлі. Видеодан кадр: instagram.com/toregalitoreali

    Әнші Төреғали Төреәлі Атырау облысы, Құлсары қаласына барды. Өнер иесі көмекке келген жүкті түсірісіп, зардап шеккен халыққа қолдау білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Апат айтып келмейді, жасағанмен бақылау. Атырауым абдырап, қалыпты ғой апыр-ау. Құлсарылық құлдарын Құдай сынап жатыр-ау. Жаны жайсаң жақсылар, жарық күндер жақын-ау. Біз біргеміз, Құлсары! Біз біргеміз, Атырау", - деп жазды Төреғали Төреәлі Instagram-дағы парақшасында.

    Видеодан Төреғали Төреәлі мен әнші Әділет Жауғашардың, Төреғали Төреәлінің әкесінің жүк тиелген көліктердегі халыққа келіп жеткен көмекті түсірісіп жүргенін көруге болады.

    "Құлсарыда талай қуанышта, талай тойда, концертте болғанбыз. Құдай сіздерге қуат берсін! Жақсы күндеріміз көп болсын", - деді видеода Төреғали Төреәлі.

    Желі қолданушылары әншінің бұл ісіне ризашылық білдіріп, жарыса алғыс айтты.

    "Алла разы болсын", "Жарайсыз", "Әйелім ұл тапса, атын Төреғали қоярмын", "Алла сауаптан жазсын", - деп жазды желідегілер.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлінің әкесі су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек бергенін айтқан болатынбыз.

    "Құдай қуат берсін": Төреғали Төреәлі су басқан Құлсары өңіріне барды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.