jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Аманатын тапсырдық": өнер жұлдыздары оралдықтардың қазіргі жағдайын біліп қайтты (видео)

    Роза Әлқожа, Ерғали Әбдірайымов, Гүлзира Айдарбекова
    Роза Әлқожа, Ерғали Әбдірайымов, Гүлзира Айдарбекова. Видеодан кадр: instagram.com/roza_alqozha

    Роза Әлқожа бастаған жұлдыздар тобы Орал қаласына барып, отандастарының қал-жағдайын біліп қайтты. Әртістер жергілікті халыққа қолдау білдіріп, өнерімен еңсесін көтеруге тырысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Роза Әлқожа Instagram парақшасында оралдықтармен кездескен сәтінен видео жариялады. Әнші қала тұрғындарына өнер адамдарының аманатын табыстағанын айтты.

    Сонымен қатар қалада су тасқынының алдын алу жұмыстары қалай жүріп жатқанын көрсетті. Өнер иелері жергілікті халықтың көңілін көтеру үшін ән шырқап, кішігірім концерт ұйымдастырған.

    "Кеш жарық! Оралға келіп елмен амандасып, өнер адамдарының аманатын тапсырдық, арасында ән де салдық", - деп жазды Роза Әлқожа.

    Айта кетейік, бұған дейін бір топ өнер жұлдызарының су басқан өңірлерге аттанғалы жатқанын жазған болатынбыз.

    "Аманатын тапсырдық": өнер жұлдыздары оралдықтардың қазіргі жағдайын біліп қайтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.