jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Қырғызстанда қазақстандық блогер ұсталды

    Айдын Түсіпов
    Айдын Түсіпов: instagram/tussupov

    Бішкекте қазақстандық блогер Айдын Түсіпов ұсталды. Оны ұстауға әлеуметтік желіде балағат сөз айтып видео жариялауы себеп болды, деп хабарлайды 24.kg.

    Қырғыз басылымының мәліметінше, танымал блогер, 34 жастағы қазақстандық Айдын Түсіпов полиция бөліміне жеткізілген.

    "24 сәуірде әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында "Ынтымақ" саябағында Қазақстан Республикасынан келген блогерлердің балағат сөздер айтқан видеосы анықталды. Тергеу жұмыстары басталды", - деп жазады басылым Бішкек қаласы Октябрь ауданының ішкі істер басқармасына сілтеме жасап.

    Кейін жергілікті тәртіп сақшылары қазақстандық блогердің жүрген жерін анықтап, тергеу қызметіне жеткізген. Блогермен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

    Айдын Түсіповтің өзі ұсталғанын оқырмандарына Instagram желісіндегі парақшасында Stories жариялау арқылы хабарлады.

    "Мені Бішкекте ұстады. Әзірге не үшін ұстағандарын білмеймін. Тура қонақүйден алып кетті, қазір Аудандық ішкі істер бөліміндемін", - делінген блогер жариялаған хабарламада.

    Еске салсақ, 2021 жылғы наурызда Мәскеуде қазақстандық пранкерлердің қымбат көлік ұрлағаны белгілі болды. Олардың арасыда Айдын Түсіпов те болған. Көп ұзамай олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

    Мәскеудің Пресненский аудандық соты үш қазақстандыққа қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. 24 жастағы Рамир Хасанов, 29 жастағы Айдын Түсіпов және 31 жастағы Ерсін Дүмшебай Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 166-бабы, 2 бөлігі "а" тармағы (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының көлікті айдап әкетуі) бойынша айыпталған.

    25 қарашада айыпталушыларға сот үкімі шықты. Сот үш қазақстандықты да 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

    Өткен жылғы қарашада Айдын Түсіпов бостандыққа шыққаны белгілі болды.

    Қырғызстанда қазақстандық блогер ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.