jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Тірлік болмай, құрмет жоқ": Роза Әлқожа өнерге аяқ басқан ұлына ақыл айтты (видео)

    Роза Әлқожа
    Роза Әлқожа. Фото: instagram.com/roza_alqozha

    Отандық эстрада жұлдызы Роза Әлқожа өнерге аяқ басқан ұлы Барс Қабаға ақыл айтты. Әнші ақ тілегін Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

    Роза Әлқожа ұлына тілек айтпас бұрын сұқбатқа шақырған радиоға алғысын білдірді. Ол Барс Қабаға шығармашылық жолдың қиындығын айтып, бірнеше кеңес берді.

    "Өнер - халықтыкі. Таңдайға тәңір бергенді өзімдікі екен деп қалма! Кеудеңе келген әуенді әлеуметке бер, жүректерге жетсін! Әуез бар жерде әуре бар. Дүниемен өлшенбейтін бұл аманаттың ләззаты азапты жолдар арқылы құрылған.

    Маңдай тер, қарқынды еңбек, қарымды тірлік болмай қошемет те, құрмет те жоқ. Ешкімнен күтпе, ешкімге ерме, ешкімге еліктеме! Сара жолмен жүрер дара талғам иесісің, даңғыл жолға қарай жүр. Ал, үлкен сапарға шыққанның жолдасы құдай, серігі - ай!" - деді ол.

    Еске салайық, осыған дейін Роза Әлқожа ұлының өнер жолына келуіне неге қарсы болғанын айтқан еді.

    "Тірлік болмай, құрмет жоқ": Роза Әлқожа өнерге аяқ басқан ұлына ақыл айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.