jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың бостандыққа қашан шығатынын айтты

    Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртаспен
    Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртаспен. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

    Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова қамауда отырған ұлы Қайрат Нұртастың бостандыққа қашан шығатынын айтты. Әншінің анасы кеше тұңғышы үшін арнайы Шымкент қаласына ұшып барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында немерелері жолдаған хаттарды көрсетіп, көпшілікке Қайрат Нұртастың қашан бостандыққа шығатынын айтып қойды. Белгілі продюсер перзентін бүгін түнгі сағат 00:00-де шығарып алмақ екенін жеткізді.

    "Жандарым менің. Әкелеріңді 19-на ұшып барып, түнде Алла бұйыртса шығарып аламыз деп отырмын. Сендерді уайымдап жатыр. Сендер аман болыңдар", - деп жазды Айдарбекова алаңдап жатқан немерелеріне.

    Гүлзира Айдарбекованың Stories-i
    Гүлзира Айдарбекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/gulziraaidarbekova

    Айта кетейік, кеше Қайрат Нұртастың анасы ұшақтан фото жариялап, Алматыдан Шымкентке ұшып бара жатқанын хабарлады.

    Гүлзира Айдарбекованың Stories-i
    Гүлзира Айдарбекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/gulziraaidarbekova

    Айта кетейік, 5 шілдеде отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың үстінен іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Дәл сол күні халықтың сүйікті әншісіне қатысты сот отырысы өтті. Шоу-бизнес өкілі ұшақ бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі танылды. Оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

    Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың бостандыққа қашан шығатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.