jitsu gif
Шоубиз

    Бостандыққа шыққан Қайрат Нұртас балаларымен қауышқан сәтінен видео жариялады

    Қайрат Нұртас ұлымен
    Қайрат Нұртас ұлымен. Фото: instagram.com/kair_n

    Бір жарым апта бұрын жазасын толық өтеп, бостандыққа шыққан эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас балаларымен қауышты. Өнер иесі перзенттерімен көріскен сәтінен видео жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қайрат Нұртас бостандыққа шыққан соң, балаларымен кездескен сәтті Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Видеода әнші екі ұлымен бірге серуендеп жүргенін көруге болады. Оған қоса бейнежазбада Нарұл мен Хан жұлдызды әкесін құшақтап, бетінен сүйген.

    "Ассаламағалейкум, қазақ елі. Хан деген спортшы жігіт. Ал Нарұл ақылды жігіт", - деді өнер иесі.

    Айта кетейік, 5 шілдеде отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың үстінен іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Дәл сол күні халықтың сүйікті әншісіне қатысты сот отырысы өтті. Шоу-бизнес өкілі ұшақ бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі танылды. Оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

    20 шілдеде әртістің бостандыққа шыққаны белгілі болды. Желіде Қайрат Нұртастың абақтыдан шыққан сәтінен видео жарияланды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.