Желі арқылы танылған Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты (видео)
Опубликовано:
Бүгін, 9 қыркүйекте көпшілікке әлеуметтік желі арқылы танылған Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Блогердің бостандыққа шыққанын актер, әзілкеш Мансұр Орынхан Instagram-дағы парақшасында мәлімдеп, видео жариялады.
"Мұрат Әбділдә Алланың қалауымен түрмеден шықты. Барша қолдаушыға көп рақмет!" - делінген жазбада.
Видеода айтылған ақпаратқа сәйкес, блогер бостандыққа шықпас бұрын судьяның алдында енді желіде бейәдеп сөздер айтпауға уәде берген.
Сондай-ақ Әбділдә өзін қолдап келген қазақ халқына алғысын білдірді.
"Аллахтың қалауымен, сіздердің, көпшіліктің дұға тілектеріңізбен мен 2024 жылғы 9 қыркүйекте бостандыққа шықтым. Рақмет сіздерге! Қобалжып тұрмын", - деді блогер.
Қолданушылар жазба астында жылы лебіздерін білдірген:
"Король қайтып оралды!", "Анасы қуанып қалды-ау", "Тиктоктың легендасы кім десе, мен тек осы азаматты айтар едім", "Жарайсыңдар, жігіттер! Қолдап барғандарың жақсы болған екен", "Енді мықты тректер күтеміз", - деп жазды олар.
Айта кетсек, Мұрат Әбділдә былтыр 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бұған дейін блогердің мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін екенін жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2159155-zheli-arqyly-tanylgan-murat-abdilda-bostandyqqa-shyqty-video/