jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Трамп жеңістен кейінгі сөзін танымал әнге билеп аяқтады

    Дональд Трамп
    Дональд Трамп. Видеодан кадр: youtube.com/@fox5dc

    Дональд Трамп бүгін Флоридада жақтастары алдында сөз сөйледі. Содан кейін саясаткер Village People тобының YMCA әніне билеп, сахнадан кетті, деп хабарлайды Sky News арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Трамп өз сөзін аяқтағаннан кейін оның жақтастарының көпшілігі қол шапалақтады. Олардың бір бөлігі Мake America Great Agaon (MAGA) сөзі жазылған мерчтерді желпіді.

    Трамп бірнеше минут сахнада қалып, адамдармен амандасты.

    "Үлкен рақмет", - деді ол. Кейін әйелі Меланияның қолынан ұстап кетіп қалды.

    Айта кету керек, Трамп сөз сөйлеу кезінде Илон Маскты мақтап, оны "жаңа жұлдыз" деп атады.

    "Мен сені жақсы көремін, Илон", - деді ол.

    Айта кетейік, АҚШ бойынша барлық сайлау учаскесі жабылды.

    Еске салайық, АҚШ-та президент сайлауы 5 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де және жергілікті уақыт бойынша 06:00-де басталды. Бұл сайлау ел тарихындағы 60-президент сайлауы болып отыр. АҚШ-та 47-президент сайланды.

    АҚШ-тағы президент сайлауының алғашқы нәтижелері жарияланды.

    Бұған дейін АҚШ-та дауыс беру басталғанын, Трамп та, Харрис те жеңіске жететініне сенімді екенін жазан едік.

    Кейін АҚШ-тың келесі президентін ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды.

    Трамп жеңістен кейінгі сөзін танымал әнге билеп аяқтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.