jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қайғым мен қатар келген қуанышым осы ағайын": Ернар Айдар жеке өміріндегі жаңалықты бөлісті

    Ернар Айдар
    Ернар Айдар. Фото: instagram.com/ernaraidar_kz

    Әнші Ернар Айдар ұлды болғанын хабарлады. Бұл туралы эстрада жұлдызы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Алланың құдіретінде, есебінде шек жоқ екеніне тағы да бір көзім жетті. Пенде болғасын арманымыз бен әттеген-айымыз қатар жүрері белгілі. Тас түскен жеріне ауыр демекші, әкемнің қазасы өте ауыр тиді...

    Алайда мейірімі шексіз Алла асқар тауымның орнын ойсыратпайын деді ме екен, тура әкемнің жаназасы болатын күні яғни 2024 жылғы 27 желтоқсанда қасиетті жұма күні таңғы сағат 6:00-де шекесі торсықтай "атқа мінеріме" мына жалған жарық дүниенің есігін аштырды. Сөйтіп әкем Айдарұлы Жаңабайдың немересі, Ернарұлы Жаңабек дүниеге келді. Аллаға шүкір", - деп жазды Ернар Айдар Instagram желісіндегі парақшасында.

    Қайғыдан құлазып жүрген әнші не қайғырарын не қуанарын білмегенін айтады.

    "Өлгеннің артынан өлмек жоқ, қайғы мен қуаныш қатар жүреді деген сөздердің мағынасын осы кезде тереңдей түсіндім. Әкемнің көзі көрмесе де, көзіндей болар деген ниетпен үйіміздің үлкені Берік ағам Жаңабай немересі Жаңабек болсын деп ұқсастырып қойды. Бастысы ғұмырымен келген перзент болғай. Қайғым мен қатар келген қуанышым осы ағайын!" - деді өнер иесі.

    Айта кетейік, бұған дейін Ернар Айдар марқұм әкесі туралы жантебірентер жазба жариялаған еді.

    "Қайғым мен қатар келген қуанышым осы ағайын": Ернар Айдар жеке өміріндегі жаңалықты бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.