jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Динара Сәтжан Жұлдыз Әбдікәрімованың үйіне қатысты мәселе шешілгенін айтты

    Жұлдыз Әбдікәрімова
    Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Тележүргізуші Динара Сәтжан Жұлдыз Әбдікәрімовамен болған сұқбатынан кейін актрисаның үйге қатысты мәселесі шешімін тапқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл жаңалықты тележүргізуші Instagram-дағы парақшасында жеткізді.

    "Жұлдыз төрт жыл Астанадағы коттедж қалашығына жарнама жасап, сонда көшіп барамын деп үміттенді. Қалашық иесіне болашақта үйлі боламын деп өзінің паркингі бар үлкен пәтерін бере салды. Нәтижесінде ештеңесіз қалды. Кейін екі сотта да жеңілді. Полицияға арыз жазды. Баспасөз мәслихатын өткізді. Бірақ іс бір орнынан қозғалмады. Біздің сұқбатымыз Диляра Тәжімбетоваға қалай әсер еткенін білмеймін, бірақ өткен аптада Жұлдыз үшін бұл мәселе шешілді", - деп жазды Динара Сәтжан.

    Еске сала кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова былтыр қазан айында құрылыс компаниясын сотқа бергенін хабарлады. Актриса үш жыл бұрын сатып алған үйінің құжаттарын әлі күнге дейін ала алмай жүргенін айтқан еді.

    Динара Сәтжан Жұлдыз Әбдікәрімованың үйіне қатысты мәселе шешілгенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.