jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Үйленбеген, баласы жоқ": жуырда қалыңдық атанған тележүргізуші сүйіктісі туралы қауесетке нүкте қойды

    Диана Скатова
    Диана Скатова. Фото: instagram.com/diana_skatova/

    Жақында тұрмысқа шығатынын айтқан танымал тележүргізуші Диана Скатова сүйіктісі – музыкант Сұлтан Нұрбековке қатысты желіде тараған қауесетке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Диана Скатова Instagram-да болашақ жары, Qos Like реалити-шоуында өнер көрсеткен топтың солисі Сұлтан Нұрбековтің бойдақ екенін, оның бұрын-соңды отбасы болмағанын айтты. Осылайша ол сүйіктісіне қатысты желі қолданушыларының ойын жоққа шығарды.

    "Қанша адам Сұлтан үйленген, бала-шағасы бар" деп жүр. Негізі – жоқ, кезінде мен қалжыңдап, әзіл видео түсіргенмін. Жасұлан деген әріптес, редакторымыз болды. Сол Жасұланның баласын ұстап жүрді де, мен: "Бұл – Сұлтанның баласы, үйленген" деп өтірік түсіре салғанмын. Қазір сол өз видеом өзіме қарсы шығып жатыр. "Сен Сұлтанды жанұясынан алып кеттің" , тағысын тағы. Жоқ, ханымдар мен мырзалар, ол үйленбеген, баласы жоқ", - деді Диана Скатова.

    Айта кетейік, өткен аптада тележүргізуші Диана Скатова тұрмысқа шығатынын айтты.

    Тележүргізушінің таңдауы Сұлтан Нұрбеков есімді музыкант жігітке түскен. Сұлтан Диана жүргізген танымал Qos Like реалити-шоуында өнер көрсеткен топтың солисі болған.

    Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары таңданысын жасыра алмай, екі жасқа ақ тілектерін жаудырды.

    "Үйленбеген, баласы жоқ": жуырда қалыңдық атанған тележүргізуші сүйіктісі туралы қауесетке нүкте қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.