jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АК
    Айжан Калиева
    Бұрынғы қызметкер

    Кешью тобының экс-мүшесі "сексуалды" ұсыныстардың көп түскенін жайып салды

    : UGC

    Өзінің көгілдір екенін мойындаған Кевин Спейсидің танымалдылығы одан сайын артып жатса, отандық шоу-бизнес өкілдері де батыл мәлімдеме жасауда. Актриса Айнұр Ілиясова "сексуалды" ұсыныстардың барлық жерде кездесетінін айтса, Әнел Арынова НТК арнасына берген сұхбатында  "Кешью" тобында жүргенде интимді ұсыныстар көп түскенін жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ.

    "Бұл шоу-бизнес, бұл қыздардан құралған топ. Себебі біз сахнада адамның есін алардаймыз, неге бізді қаламасқа? Әдемі мүсінді, әдемі әйелді, әдемі би мен киімді көресің. Әрине басқа тараптардың да ұсыныстары болды. Оған таласым жоқ!", - деп ағынан жарылды ол.

    Әнел өзіне қашан және қайда ұсыныстар жасалғанын ашып айтпады. Бірақ ол ашу тудырмас үшін жымиып қана бас тартқан.

    Ал Айнұр Ілиясова болса бәрі адамның өзіне байланысты  дейді.

    "Әрине қырындап, астармен ымдайтын кездер болады. Бұл кино мамандарында ғана емес, барлық жерде бар. Егер сен бұл нәрселерге жауап берсең, әрине, қарым-қатынас жалғасын табады. Егер жоқ десең, ешкім де мәжбүрлемейді", - деді Айнұр.

    Тағы оқыңыздар: 

    Ресейде 19 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Шардарада ұсталды

    Нұрлан Албан тойға шетелден әнші шақыратындарды сынап тастады

    Оралдағы жоғары оқу орнында оқитын студент қыз жатақханада асылып қалған

    Еліміздің шұрық-тесік жолдарына бөлінген қыруар қаржы депутаттарды алаңдатып қойды

    Ақтөбеде қыздарының шашын тақырлап тастаған әке қыздарының орамалын шешетін болды

    Кешью тобының экс-мүшесі "сексуалды" ұсыныстардың көп түскенін жайып салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.