jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Үлкен ер адамды сүндетке отырғызбақ болған Айдар Тұрғамбек қызу талқыға қалды (видео)

    : Instagram

    "Жігіттер" квартетінің мүшесі Айдар Тұрғамбек желіні шулатты. Отандық әнші үлкен ер азаматты сүндеттегі жатқан сәтін жариялап, елдің қызу талқысына қалған. Желі қолданушылары өнер иесінің бұл қылығын аса ерсі санап, оны сынап тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Айдар Тұрғамбек өзінің Instagram парақшасында ересек адамды сүндеттейін деп жатқан сәтінен видеомен бөлісіп, басы бәлеге қалды. Бейнежазбада дәрігер киіміндегі эстрада жұлдызы төсекте жатқан ер адамды сүндетке отырғызғалы жатқанын хабарлаған.

    "Сүндет тойға дайындық. Қазір толық пакет өзім сүндетке отырғызып,сосын тойдың басында алып шығамын" , - деді өнер иесі.

    Желідегілер әншінің бұл әрекетін түсіне алмай әлек болып, оны сынауға кіріскен. Көпшілік ер азаматты сүндетке отырғызу аса ерсі дүние екенін алға тартқан.

    Алайда, шын мәнінде Айдар Тұрғамбек ешкімді сүндеттемеген болып шықты. "Жігіттер" квартетінің мүшесі аталмыш видеоны телехикая түсірілінен үзінді екенін айтып, ашуға булыққан көпшілікті сабырға шақырды.

    Ол бейнежазбаны желіде тек әзіл ретінде жариялағанын мойындады. Бұл ісін ол "Опмай-опмай" бағдарламасына сұхбат беріп түсіндірген.

    Айта кетейік, бұған дейін Айжан Нұрмағамбетованың көйлегін киіп алып, майыса билеген Әлішер Кәрімов те елдің қызу талқысын тудырған болатын.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Үлкен ер адамды сүндетке отырғызбақ болған Айдар Тұрғамбек қызу талқыға қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.