jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Подкаблук": Сүйіктісінің қолынан сүйген Тимур Балымбетов желіде сынға ұшырады (фото)

    : Instagram

    Алты жыл бойы "Gakku" арнасын басқарған Тимур Балымбетов бүгінде әр бос уақытын сүйіктісімен өткізуде. Осыған дейін ғашығымен түскен фотоларымен елді тәнті етіп жүрген телепродюсер бұл жолы көптің сынына ұшырады. Желі қолданушыларына оның қылығы жақпай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/balukz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: Instagram/balukz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Instagram желісін шулатқан суретте Тимур Балымбетов қалыңдығының қолынан сүйіп отырғанын көруге болады. Көпшілік танымал телепродюсердің бұл әрекетін ер азаматқа сай емес деп санап, оны қызу талқыға салған.

    Балымбетовтың фотосының астына тіпті отандық шоу-бизнес жұлдыздары да пікір қалдырған.

    "Сенің суретіңе қарап, "Әйелдер туралы әңгімелер еріксіз есе туседі. "Жануарлар королі бола тұра, әйелді сүйіп қалып Empire State ғимаратынан құлап өлді ("Кинг-конг"); Үш жыл бойы итімен өмір сүріп, әйелмен таныстықтан кейін қайтыс болды ("Я легенда"); Арманына келе жатып, қызбен танысып, суға батып кетті ("Титаник"); Ғашық болып, "Гәккуден" кетіп қалды" , - деп әзілдеп жазды Айқын Төлепберген.

    Алайда, Тимур Балымбетов оған "әйелдер туралы сен айтпай-ақ қойшы" деп жауап қайтарды. Айқынның пікірі Аян Бірбаев пен Дильназ Ахмадиеваны күлкіге қарық қылған.

    Кейбір желі қолданушылары оның бұл әрекетін ер азамат үшін ұят деп топшылады. Бірақ, продюсердің қылығын жақтап жатқандар да болды. Олардың ойынша, болашақ жарына деген сезімін білдіргенде тұрған ештене жоқ.

    "Подкаблук болып барасың ба" , "Қолынан сүйсе, бірден сондай болып қала ма?" , "Бұл болашақ жарына деген сыйластықтың белгісі деп білемін", " Басына шығып алған түгі де жоқ" , "Ер адам махаббатын білдіргені үшін айыпты болып жатыр ма?" , - деп жазуда желідегілер.

    Еске сала кетейік, Тимур Балымбетов жақында ғана өзі алты жыл бойы басшылық еткен "Гәкку" арнасынан кетіп қалды. Ол алдағы уақытта өзін басқа қырынан танытып, жаңа жобалармен оралатынын айтты.

    "Подкаблук": Сүйіктісінің қолынан сүйген Тимур Балымбетов желіде сынға ұшырады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.