jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Qanay сахнаға мас күйінде шығатын әріптестері жайлы пікір білдірді

    Qanay
    Qanay. Фото: Асхат Садырбайдың бағдарламасы

    Көпшілікке Qanay лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай өнердегі сахнаға масаң күйде шығатын әріптестері жайлы пікір білдірді. Асхат Садырбайдың бағдарламасына келген әнші үлкен сахнаның киелілігін сөз етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бағдарлама жүргізушісі "Сахнаға ішіп, шегіп шыққан өнер жұлдыздарының әрекетін қалай ақтап алса болады?" - деп сұрады әншіден.

    Ал әнші үлкен сахнаға масаң күйде шығуға болмайтынын айтты.

    "Түнгі клуб сияқты ішіп шығатын жерлер болады. Онда бәрі ішеді. Соның буымен жүресің. Ал үлкен сахнаға мас күйде шығуға болмайды. "Ирина Қайратовна" тобының форматы сондай ғой. Рэп орындаушылары болғаннан кейін бе екен, әндері де соған сай. Үлкен сахнаға сау болып шыққан абзал", – деді Qanay. 

    Естеріңізге сала кетейік, Shiza лақап атпен танымал әнші мен "Ирина Қайратовна" тобының мүшесі көк туды сахнаға мас күйде алып шығып, халықтың сынына ұшыраған болатын.

    Qanay сахнаға мас күйінде шығатын әріптестері жайлы пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.