jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Баршылықтан емес": Гүлнұр Оразымбетова халық неге той жасайтынын ашық айтты

    Гүлнұр Оразымбетова
    Гүлнұр Оразымбетова. Фото: instagram.com/gulnurorazymbetova

    Отандық әнші, тележүргізуші Гүлнұр Оразымбетова қаламақысының қанша екенін баяндап, құпиясын бөлісті. Өнер иесі той иесінің жағдайын ескеруге тырысатынын NEGE.KZ сайтына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Той-томалаққа шақырту жиі түседі. Бірақ қатып қалған қаламақым жоқ. Той иесінің жағдайын ескеруге тырысамын. Себебі, қазіргі уақытта елдің бәрі баршылықтан емес, баласының қызық-қуанышын көппен бөлісейін деп той жасайды. Өзін мақтан тұтты деп ойламаңыз, бірақ бұлайша қарашаның қалтасына қарайтын әншілер өте аз", - деді Гүлнұр Оразымбетова.

    Сонымен қатар әнші уақыт өте келе ақылы сұхбат беруі мүмкін екенін де жасырмады.

    "Өз басым сұхбат бергені үшін ақы сұраған аға буын өкілін естімеппін. Бірақ сұраса да, оның ағаттығы жоқ деп білемін. Себебі, ол кісілердің халыққа еңбегі сіңді. Ал еңбекті бағалаудың әбестігі жоқ.

    Кім біледі, бәлкім уақыт өте келе мен де ақылы түрде сұхбат беруім мүмкін. Негізі айтарым, көп нәрсені жұртқа айта берудің қажеті жоқ, құпия сақтай білу қажет. Кейін реті келгенде ғана бөлісуге болады", - деді Гүлнұр Оразымбетова.

    Естеріңізге сала кетейік, Гүлнұр Оразымбетова осыған дейін жас көрінуінің құпиясын бөліскен болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.