jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Аяғы ауыр": Төреғали Төреәлінің адвокаты оқиға болған кезде жанында әншінің әйелі болғанын растады (видео)

    Төреғали Төреәлі жұбайымен
    Төреғали Төреәлі жұбайымен. Фото: instagram.com/toregalitoreali

    Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Төреғали Төреәліні есірткіге мас күйде Алматы полициясы ұстаған болатын. Әлеуметтік желіге тараған видеода әншінің жанында айқайлаған әйел дауысы естіледі. Төреғали Төреәлінің адвокаты NEGE.KZ сайтына берген сұхбатында әншінің жанында әйелі Толқын болғанын және оның аяғы ауыр екенін атап өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Қасында келіншегі Толқын болған. Оның аяғы ауыр. Бірақ әйел адамның жүкті күйіне қарамастан, үстінен аттап басып,  күйеуін көліктен шығармақ болған. Заң бойынша полицейлер  қауіпсіздік мақсатында келіншегін алдымен көліктен түсіруі керек еді.  

    Осылайша жүктілігіне қауіп келгендіктен әйелінің жағдайы нашарлап жатыр", - деді әншінің адвокаты Тілеужан Кішкенебаев.

    Естеріңізге сала кетейік, күні кеше әлеуметтік желіде Lexus көлігі жүргізушісінің ұсталған сәті тарап кетті. Оқиға куәгерлері ұсталған азаматты қазақстандық танымал әнші екенін айтуда. Ал кейінірек бұл ақпаратты полиция растап, мәлімдеме жасады.

    Ал кешірек әнші Төреғали Төреәлінің 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

    "Аяғы ауыр": Төреғали Төреәлінің адвокаты оқиға болған кезде жанында әншінің әйелі болғанын растады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.