jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Міржақып. Оян, қазақ!" картинасы бір аптадағы кассасы жөнінен басқа фильмдерді басып озды

    "Міржақып. Оян, қазақ" фильмі
    "Міржақып. Оян, қазақ" фильмі. Фото: instagram.com/murat_yeszhan

    Қазақстандық "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің өткен аптадағы кассалық жиналымы шетелдік киноларды басып озды. Тicketon.kz сайтының мәліметінше, отандық фильм 107 млн 67 мың теңге қаражат жинаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі 107 млн 67 мың теңгемен бірінші орынға шықса, екінші орынды отандық комедиялық фильм - CocoJanbo 62 млн 572 мың теңгемен иемденген.

    Ал "Изгоняющий дьявола: верующий" шетелдік фильмі 45 млн 371 мың теңгемен үшінші орынға жайғасқан.

    Сонымен қатар үздік тоғыздық қатарында отандық "Байдың қызын аламын" және "Белгісіз батырлар" фильмі де бар.

    Кино кассасы
    Кино кассасы. Фото: ticketon.kz

    Айта кетейік, осыған дейін "Міржақып. Оян, қазақ" фильмінің кинотеатрдағы көрсетілімі тоқтатылған болатын.

    Қоғамдық шудан соң фильмнің көрсетілімі тағы бір аптаға созылды.

    Кейінірек министрлер кабинетінде өткен брифингте мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің көрсетіліміне қатысты пікір білдірді.

    "Міржақып. Оян, қазақ!" картинасы бір аптадағы кассасы жөнінен басқа фильмдерді басып озды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.