jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Әли Оқапов таяуда алған "Құрмет" наградасынан бас тартып, кешірім сұрады (видео)

    Әли Оқапов
    Әли Оқапов. Фото: instagram.com/aliokapov

    Әнші Әли Оқапов таяуда ғана алған "Құрмет" мемлекеттік наградасынан бас тартатын болды. Бұл туралы ол Instagram-да жариялаған видеосында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Кейінгі уақытта болып жатқан жағдайды көрмегендей жүре алмаймын немесе маған бәрібір деп жүре алмаймын. Себебі бәрібір емес. (...) Мемлекеттік наградаға келсек, оның әрқайсында мемлекеттік символ бар. Сондықтан заңды оқи келе, қайтару туралы нормативтерді іздедім. Ештеңе таппадым, мұндай норма жоқ. Сондықтан бұл наградалар құзыретті органның шешімін күтеді", - деді Оқапов.

    Өнерпаз бұл марапаттан ғана емес, 32 жылында алған барлық марапатынан бас тартатынын да айтты.

    "Мәдениет және ақпарат министрлігіне зор алғыс айтамын. Бастамашыл болған жандарға алғыс айтамын. Себебі мен соңына дейін не болатынын білмедім, шара қарсаңында түнгі уақытта ғана хабарын берді. Сондықтан кешірім сұраймын, өзім де білмей қиын жағдай туғызғаныма жауапкершілік арқалаймын. Бұл мәселені дұрыс әрі заңды шешу жолы болғанын қалаймын. Әртіске қошеметтен асқан марапат жоқ деп санаймын. Мен бақытты адаммын, отбасым бар, музыкам бар, тыңдаушым бар", - дейді ол.

    Әнші бұдан маңыздырақ тақырыптарды талқылауға шақырды.

    "Тасқын Оқаповтың, Роза Рымбаеваның ұлы ретінде, қатардағы поп-орындаушы ретінде кешірім сұраймын және алғыс айтамын. Бәріңді құшақтадым", - деп қорытындылады Оқапов мәлімдемесін.

    Еске сала кетейік, Республика күні қарсаңында Әли Оқапов "Құрмет" орденінің иегері атанған еді.

    "Бүгін "Құрмет" орденінің иегері атандым! Шынымен күтпеген жағдай болды. Әрине, көп рақмет! Осы атаққа лайық еңбек етуге, маған артқан сенімді ақтауға барымды саламын. Құттықтауларыңызға рақмет! Басымды иемін!", - деп жазған еді әнші.

    Әли Оқапов таяуда алған "Құрмет" наградасынан бас тартып, кешірім сұрады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.