jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Айжан Байзақова тұңғышының тегін неге ауыстырмайтынын айтты

    Айжан Байзақова
    Айжан Байзақова. Видеодан кадр: The DS' Show бағдарламасы

    Блогер Айжан Байзақова үлкен ұлы Аланның тегін не үшін өзгеріссіз қалдыратынын түсіндірді. Ол Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Желі қолданушысының бірі блогерден "Аланның тегін ауыстыру жайлы ойладыңыз ба?", - деп сұраған.

    Ал Байзақова ұлының тегін ауыстыруға келіспейтінін ашып айтты.

    "Әкем түрмеде отырған кезде көңілін көтеру үшін, балама әкемнің тегін бердім. Менен қанша рет ұлымның тегін ауыстыруды сұраса да, мен келіспеймін. Оның үстіне ұлымның аты-жөні жағымды естіледі.

    Менің тұңғышыма аяғым ауыр кезде және одан кейінгі екі жыл ішінде балам әкесінің туыстары жайлы білмеді. Әкесі де ұлымның қазіргі тегіне қарсы болмады. Тек жақында ғана олар ұлымның тегін ауыстырғысы келді. Алайда мен қарсы болдым. Себебі, алғашқы күннен Аланды күткен менің әкем үшін бұл әділетсіздік болар еді", - деп жауап берді блогер.

    Айта кетейік, Айжан Байзақова бүгінгі таңда тұрмысқа шығып, қазір екінші сәбиінің дүниеге келуін күтуде.

    Айжан Байзақова тұңғышының тегін неге ауыстырмайтынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.