jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Депутат Айдос Сарым Ресейге барса, қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін екенін айтты

    Айдос Сарым. Фото akorda.kz
    Айдос Сарым. Фото: akorda.kz

    Тина Канделакидің мәлімдемесіне қатысты дауға пікір білдірген мәжіліс депутаты Айдос Сарым оның өзіне Ресейге кіруге шектеу қойылғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ депутаттың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Айдос Сарым Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки елге кіргізілмейтінін жариялағанын атап өтті.

    "Бұл дұрыс. Оған сөз бен эмоция құртудың қажеті жоқ. Өзімізді сыйлауымыз керек", - деді мәжілісмен.

    Сонымен қатар депутат өзіне Ресейге 2070 жылға дейін кіруге тыйым салынғанын атап өтті.

    "Маған Ресей ФҚК-дан хабарлама келген. Шекарадан өтсем, 7 жылға дейін қылмыстық қудалауға ұшырауым мүмкін. Беларусь Республикасына барсам да солай. Ешкім ештеңе түсіндірмеді", - деді депутат.

    Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров танымал ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки Қазақстанға кіргізілмейтінін айтқан болатын.

    Тина Канделакидің даулы мәлімдемесіне қазақстандық тележүргізуші әрі журналист Динара Сәтжан өз Instagram-парақшасында қатаң түрде жауап қатқанын жазған едік.

    Депутат Айдос Сарым Ресейге барса, қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.