jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Жау сырттан келмейді": актриса Аида Жантілеуова "Қазақфильм" дауына пікір білдірді

    Аида Жантілеуова
    Аида Жантілеуова. Фото: instagram.com/aida_zhantileuova

    Қаңтар айының басында актер Азамат Сатыбалды басшылық ететін "Қазақфильм" АҚ киностудиясына байланысты дау туған болатын. Актриса Аида Жантілеуова осы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды NEGE.KZ.

    "Өз көзіммен көрмеген соң, жұртпен қосылып даттауға немесе қаралауға жоқпын. Бірақ біздің қоғамда көш ілгері жүруге тырысатын адамды балақтан тартатын жандар аз емес. "Жау сырттан келмейді" деген. Бұл айналасында жүрген адамдардың әрекеті сияқты", - деді Аида Жантілеуова.

    Еске сала кетейік, Актер Қуандық Дүйсенбаев желіде Шәкен Айманов атындағы киностудияның аумағында соңғы күндері қытайлық көліктер қаптағанын айтып, наразылық білдірген болатын.

    Ал "Қазақфильм" АҚ президенті Азамат Сатыбалды бос тұрған ғимаратты жалға бергенін растады. Алайда "Ол көліктер сатылмайды, таксопаркке тиесілі" деп әңгімені қысқа қайырған. Оның мұндай қадамға баруына қарамағындағы 178 адамның жалақысын төлеуі түрткі болған.

    Кейінірек бұл оқиғаға министр Аида Балаева Азамат Сатыбалды басқаратын "Қазақфильм" дауына пікір білдірді.

    "Жау сырттан келмейді": актриса Аида Жантілеуова "Қазақфильм" дауына пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.