jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Балжан Бидаш бұрынғы енесімен қарым-қатынасы жайлы айтты

    Балжан Бидаш
    Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/bidash_official

    Әнші Балжан Бидаш былтыр Жахан Отарғалиевпен ажырасты. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында бұрынғы енесі жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Балжан Бидаштың айтуынша, ол бұрынғы күйеуі Жаханның анасымен қазір араласпайды.

    "Ол кісімен араласпаймын. Бірақ ешқандай өкпем жоқ. Өте жақсы кісі. Маған ошақ қасын көрсетті. Біз бірге тұрмадық. Ол кісілер Орал қаласында болды. Біз Алматыда болдық.", - деді Балжан Бидаш.

    Еске сала кетейік, былтыр қыркүйек айында Балжан Бидаш пен Жахан Отарғалиев ажырасып кеткенін мәлім етті.

    "Сіздер шындықты білуге лайықтысыздар. Осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан "рас па, өтірік па" деген ақпаратты "Біз екі жаққа кеттік" деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін", - деп жазған болатын Балжан Бидаш.

    Ал Жахан Отарғалиев Балжанды қатты жақсы көргенін және ажырасқаннан кейін күйзеліске түскенін айтты.

    Сонымен қатар әнші бұрынғы күйеуі екеуінің бір-бірін әлеуметтік желіде бұғаттап тастағанын да жасырмады.

    "Оның әлеуметтік желідегі жазбасын неге маған жіберіп жатырсыздар? Біз бір-бірімізді әлеуметтік желіде бұғаттадық. Бізге солай жеңіл әрі жақсы. Өтініш, оның айтқанын, жазғанын, әлеуметтік желіге салғанын маған жібермеңіздер", - деп жазған болатын Балжан Бидаш.

    Балжан Бидаш бұрынғы енесімен қарым-қатынасы жайлы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.