jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Тірі адамға олай жасай ма": Бибігүл Төлегенова Алматыда өзіне қойылатын мүсінге қатысты пікір білдірді

    Бибігүл Төлегенова әнші
    Бибігүл Төлегенова. Фото: Егемен Қазақстан басылымы

    Әнші, Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова жақында 94 жасқа толған. Өнер иесі "Таңшолпан" бағдарламасында Алматыда өзіне қойылатын мүсінге пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Шынымды айтсам, маған үлгісін көрсеткенде қынжылдым. "Айналайын, тірі адамға олай жасай ма?" дедім. Мүсінші жігіт "Апа, қазір бәрі жасап жатыр" деді. Есімін ұмытып қалдым. Соңғы келгенде "Орыны дайын. Панфилов көшесіндегі театрдың алдына қоямыз. Өзіңіз қарап отырасыз" деді.

    Біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды деген болатынмын. Мүсінші жігіт "Ұнайды, ұнамайды деп қарап отыра алмаймыз ғой. Соны жасап жатырмыз" деді. Мен алғыс айттым. Мүсінім сахнада тұрғандай қарап тұрады екен", - деді Бибігүл Төлегенова.

    Еске сала кетейік, күні кеше өнер иесі қазіргі денсаулығы жайлы сыр шерткен болатын.

    "Қазақта "Бір күн - ауру, бір күн - сау. Таба алмадым дертін" деген мақал бар ғой. Денсаулығым қазір сол сияқты. Бүгін жақсымын. Көбіне үйде отырамын. Қазір далаға шыға алмаймын. Екі аяғым ауырады. Бірақ былай жаман емеспін, Құдайға шүкір. Тамағым да жақсы. Жағдайым да жаман емес...", - деді Бибігүл Төлегенова.

    Сонымен қатар қазақ опера әншісі бүгінде ән айтуды қойғанын айтты.

    "Тірі адамға олай жасай ма": Бибігүл Төлегенова Алматыда өзіне қойылатын мүсінге қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.