jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Бақытжан Отарбаева
    Бақытжан Отарбаева
    Бұрынғы қызметкер

    "Қазақта мұндай ырым жоқ": беташарда жаңа түскен келінге кәмпит тістеткендер сынға қалды

    Тойда түсірілгенсурет
    Жас келін: Видеодан кадр

    Әлеуметтік желіде үйлену тойында енесі келінінің бетін ашып, тәттіні келінімен бірге тістеп жатқан видеосы тарап жатыр. Желі қолданушылары мұндай дәстүр қазақта жоқ екенін айтып, той иелерін сынап жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Не масқара? Қазақта мұндай ырым жоқ", "Қазақ халқының әдемі салттарын бұрмалап, үнді киноларына еліктеп, халқымызды әлемге масқаралап болды", - деп жазды желідегілер.

    Осы ретте этнографтар бейнежазбаға қатысты пікір білдірді. Олар асабалар қазақта жоқ салт-жоралғыны жасап жүргенін айтады.

    "Оның бәрі ойдан шығарылған асабалардың шоу бағдарламалары. Бұл қазақтың дәстүрінде жоқ, ол бәріне белгілі", - дейді этнограф Тәттігүл Қартаева.

    Ал этнограф Серік Ерғали қазақи мәдениет құрып бара жатқанына қынжылатынын тілге тиек етті.

    "Қазақтың сүйгендері де сүйіспеген. Жігіт сүйгенінің маңдайынан ғана сүйген. Қазақта мұндай сылтауратып сүю деген жоқ. Қазір жұрттың бәрі хит қуып кетті ғой. Хайп қуып, осылай түр-түрін істеп жатырмыз. Жалпы жыл өткен сайын "қуып" бара жатырмыз", - дейді ол.

    "Қазақта мұндай ырым жоқ": беташарда жаңа түскен келінге кәмпит тістеткендер сынға қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.