jitsu gif
Шоубиз

    "Арам дүние маған керек емес": "Қазақ аруы – 2024" жеңісін сатып алды дегендерге жауап берді

    Ақкербез Ысқаққызы
    Ақкербез Ысқаққызы. Фото: Instagram/aqkerbezm

    Бірер күн бұрын "Қазақ аруы – 2024" атанған Ақкербез Ысқаққызы өз жеңісіне қатысты пікір білдірді. Қызылордалық бойжеткен өзін тәжді сатып алды деп сынап жатқандарға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ақкербез Ысқаққызы "Қазақ аруы" байқауындағы жеңісінен кейін ел арасында айтылып жатқан қауесеттерге нүкте қойды. Кейбір оқырмандар қызылордалық аруды байқауды сатып алды деп сынаған.

    Бойжеткен қарапайым отбасыдан шыққанын айтып, бұл жеңіс өзіне әділ келгенін жеткізді.

    "Қарапайым отбасыдан шыққан қызбын. Ата-анам кәсіпкер болып жұмыс істейді. Төрт бауырым бар. Мен үйдің ең кенжесімін. Отбасымызда екі жеңгем, барлығымыз бірге тұрамыз. Өте үлкен отбасымыз. Көп кісілер "екі келіннің басы бір үйге қалай сыйып жатыр" деп бізге таңғалады. Бұл менің отбасымның даналығы, тәрбие көргеніміз, ата-анамыздың мықтылығының арқасында қазір осындай жағдайға жетіп тұрмыз деп ойлаймын. Менің асып-тасып бара жатқан ешкімім жоқ. Тіреп тұрған көкем жоқ. Көбі мен сатып алды деп сынап жатыр. Ондай сатып алынған арам дүние маған керек емес. Бұл жеңіс маған әділ келді", - деді Ақкербез Ысқаққызы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.