Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның тағы бір фотосы әлемдік БАҚ-тың назарына ілікті (фото)

Опубликовано:

Time және National geographic журналдарында жұмыс істейтін изральдік фотограф Қарағандының циркін фотоға түсіріп, әлем назарына салды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Шетелдік фотограф Қарағандының көрінісін өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында жария еткен. Фотоны көрген қарағандылықтардың дені шетел азаматына алғыстары мен мақтауларын жаудырған.

"Қарағанды, Қазақстан. Бір жыл бойы ғарышта болған ғарышкерді көруге барар жолда" , - деп жазған автор фотосының қасына.

Айта кетерлігі, фотограф шамамен бір жыл бұрын Қазақстанның фотосын жария етіп, жерлестеріміздің арасында біраз пікірталас тудырған болатын. Себебі, шетелдік азамат Алматының әдемі көріністерін көрсетудің орнына, ескі автобустардың бірін фотоға түсірген.

Еске салсақ, бұған дейін NUR.KZ порталы қазақтарды әлемге танымал еткен 7 фотоның тізімін оқырмандардың назарына ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1061645-qazaqstannynh-taghy-bir-fotosy-alemdik/

pixel