Қазақстандық қалталы келіншек әр маусымда киіміне 70 мың доллар жұмсайды (фото)

Опубликовано:

Жылтырақ журналдардың бетінен түспейтін қалталы келіншек қалай өмір сүреді? Әр маусымда киіміне 70 мың доллар жұмсайтын Евгения Джонсон NUR.KZ порталына өзінің қалай ханшайымға айналғанын айтып берді.

Қалай ханшайым болуға болады?

Бала кезімде мен гинеколог болғым келді. Алайда ұзақ оқу керектігінен сескендім. Анам мені тілдер үйренуге баулыды. Алматыдағы Шет тілдері институтында білім алып, репетиторлықпен айналыстым.

Кейін Украинада білімімді жалғастырып, BP international шетелдік компаниясында іс-тәжірибеден өттім. Кейін сол компанияның басшысы қызметін атқарған ағылшын азаматына тұрмысқа шықтым.

Болашақ күйеуім мен Алматыға кетіп қалғанда маған көңілі барын байқатты. Алматыда жобамен іссапарға келген кезінде екеуіміз кездесе бастадық. Ол кезде 19-да болатынмын. Ал күйеуімнің менен жасы айтарлықтай үлкен. Бір жылдан кейін некемізді қидық. Біраз уақыт оның аудармашысы болып жұмыс істедім. Кейін күйеуім жұмыс істеуіме қарсы болды.

Тағы бір жылдан кейін ұлды болдық. Бүгінде ол сегізде және Алматыдағы халықаралық мектепте білім алады. Болашақта Лондонда оқытамыз.

Мен қарапайым отбасынанмын. Әкем - әскери адам. Менің жолым болды.

Бай әйелдің бір күні қалай өтеді?

Сұлулық салондарына барамын, кездесулер ұйымдастырамын. Жақында Әл-Фараби көшесіндегі үйімнің дизайнын өзгертуге кірістім.

Бұрын мейрамханам болатын. Үш жыл бұл бизнеспен шұғылдандым. Бүгінде ешқандай бизнес бастағым келмейді. Болашақта Алматыда танымал брендтің бутигін ашамын деген ой бар. Сауық кештерге ғана барып, өз деңгейімді түсіріп алмас үшін бизнеске ден қою керек. Қайырымдылықпен айналысамын - жағдайы төмен отбасыларына көмектесемін.

Жиі Лондондағы сән көрсетілімдеріне барамын. Парижге де жиі бас сұғамын.

Үйді өзім тазаламаймын. Бір рет үй қызметкерін таба алмағанымда, өзім жинамақ болдым. Таңғы жетіден бастап, түнгі он екіде бір-ақ тазалап біткен едім. Қатты ашулы болғанымды көріп, күйеуім үй қызметкерінсіз болмайды деп шешті.

Арасында күйеуіме тауық етінен тағам әзірлеп тұрамын.

70 мың еуролық костюм

Менің сүйікті брендім - Dolce & Gabbana, Версаче, Филипп Плейн.

Мен сатып алған ең қымбат киім – Alta Moda-ның белдемшесі. Ол - 70 мың еуро тұрады. Венециядан сатып алғанмын. Әр маусым сайын киімдерімді 70 мың долларға жаңартып тұрамын. Күніне шамамен 150 мың теңгені салондарға жұмсаймын.

Көлікті екі жылда бір рет жаңадан сатып аламын. Бүгінде Range Rover көлігін мініп жүрмін. Күйеуім Мазератти ал дейді, алайда мен жай Мерседесті ұнатамын.

Анамды өзім қаражатпен қамтамасыз етіп отырамын.

Джонсон отбасындағы дәстүрлер

Жексенбі - отбасы күні. Табиғатқа шығамыз. Лондонға күйеуімнің отбасына жиі барып тұрамыз. Жаңа жылда жылы жерлерге саяхаттаймыз.

Маған Италия, Греция, Австралия ұнайды.

Жақында Италияға барып, Dolce & Gabbana-ның іс-шарасына қатысамыз. Оған Софи Лорен де келуі тиіс.

Жыл сайын Елизавета ханшайым баратын хандық ат шабыстарына барып тұрамыз.

«Күйеуіме сыйлық алмаймын»

Күйеуім маған жиі тосын сыйлар жасап тұрады.

Оның маған берген ең қымбат сыйлығы – Rolex Rainbow (77 750 еуро тұрады) сағаты.

Мен күйеуіме тек бір рет сыйлық жасадым. Табиғатқа алып шықтым. Тіпті туған күніне сыйлық алған емеспін. Ұл сыйладым оған, одан артық не керек?

Тағы оқыңыз:

Назарбаев замандастарына "Интернет балаларына" кедергі келтірмеуге кеңес берді

Шымкенттік полицейлер бір күнін қалай өткізеді? (фото)

Бас мүфти кісі қазасынан соң аста-төк қылып құдайы ас бермеуге шақырды

Шылымқорлар темекі сыртына шіріген дене мүшелерінің суретін салуға қарсы шықты

Елімізде Тиматидің сақалы мен Қайрат Нұртастың шашына қызығатын жігіттер көбейген

Қарағандылық оқушы қыз АҚШ-тың атақты университетінің оқу грантын ұтып алды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1141374-qazaqstandyq-qaltaly-kelinshek-ar-mau/