Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бауыржан Есмахан: Құранда никаб кию туралы тапсырма жоқ

Опубликовано:

БАҚ өкілдерімен кездескен Ақтөбе облыстық діни басқарма басшысы Бауыржан Есмахан дін саласына қатысты барлық проблемаларды жайып салды.

Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

«Ауруын жасырған өледі. Теріс ағымдағылардың әйелдерімен жұмыс жасау қиын. Олар ер кісімен кездесуден қашады. Бүгінгі күні бізде үш әйел ұстаз бар. Әзер дегенде олардың әйелдерімен жұмыс жүргізуге тырысып жатырмыз. Біз әйел-теологтарға мұқтажбыз. Мен өзім куәгерлердің қатысуымен ниқаб кигендермен жеке кездесу өткіздім. Олардың никаб киюге қатысты Құраннан не хадистен ешқандай дәлелдері жоқ. Араб елдерінде кейбір ер кісілер әйелдерінің сұлулығын қызғанып, «никаб киіп жүресің» деп мәжбүрлейді. Арабтарда дәстүр болып қалыптасқан. Оларға никабты шешкізетін бір ғана жол бар – Құранда тікелей айтылмаған, хадисте ниқаб кию туралы тапсырма жоқ. Осыны олардың сана сезіміне сіңіру арқылы никабын шешкізе аламыз. Олардың арасында теологтармен кездескеннен кейін никабтарын шешкендер бар. Қара киімдерін ашық түске алмастырды», - дейді Дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Есмахан.

Сонымен қатар, теологтар жат ағымдармен күресу үшін театрда қойылымдар жасауды жоспарлап отыр. Сахна қойылымдары арқылы адасқан ағым жетегінде кеткендерге ой салмақ.

«Мен бір мысал айтайын, 2012 жылы бір ата-ана көмек сұрады. Мектепте оқитын баласы үйінен кетіп қалған. Теологтар ол баланы Мега-Шығыс базарының қасынан телефон сатып жүрген жерінен тауып алды. Ол өзінің кетіп қалуын үйінде аруақтарға бағыштап Құран оқып, жеті шелпек пісіруімен түсіндірген. Ондай үйде тұруға болмайды деп бала үйінен безген. Сол үшін біздің теологтар үш күннің ішінде «Исламдағы қабір зираты» деген кітап жазып шығарды. Бала осы кітапты оқығаннан кейін үйіне қайтты. Бар проблема олардың бастарында», - дейді Бауыржан Есмахан.

Діни ахуалы күрделі облыста ауыл ақсақалдары молда болып, 7 мешіт имамсыз отыр.

«Ақтөбеде 65 мешітте 60 имам жұмыс жасайды. Өкінішке орай, сол 60 имамның ішінде 14 имамда жоғары діни сауат бар. 12-сі медресе бітіріп шыққандар. Қалған 34-і курстардан өткен мамандармен қамтылған. Облыста жеті мешіт имамсыз жұмыс жасап тұр. Мұғалжар, Темір ауданының елді –мекендеріндегі мешіттерде имам жоқ. Уақытша молда, ақсақалдар отыр. Арнайы тағайындалған имам жоқ», - деді басшы.

Естеріңізге салсақ, Мұғалжар, Темір аудандары облыстағы діни ахуалы күрделі орындар саналады. Басқарма басшысы салада кадр тапшылығы өзекті мәселе болып тұрғанын ескертті. Айтуынша, медресеге келетіндердің дені оқуға түсе алмай қалған үшке оқитын шәкірттер екен.

«Медресеге шәкірт жинау қиын. Қазір бізде 40-тың үстінде шәкірт бар. Медресені 60-70 адамға толтырып қоюға болады. Бағасы «4» пен «5» балалар медреседе оқығысы келмейді. Жоғары оқу орны мен колледжге түсе алмай қалғандар медреседе оқып жатыр. Біз медресеге қызыл дипломмен бітіретін мамандар дайындағымыз келеді, ол алдағы уақытта шешіледі», - дейді ол.

Сонымен қатар Дін істер басқармасының басшысы тыйым салынған діни әдебиеттердің мұқабасы өзгеріп, сөрелерде тұратынын да айтты.

«Діни әдебиеттер таратуға арналған 21 орын бар. Оларды тоқсан сайын тексерген кезде 5-10 кітаптар тәркіленеді. Олар көбіне Дін істер комитетінен оң қорытынды алмаған Абдул –Уахабтың «Үш негіз» деген кітабын таратады. Сол кітаптың мұқабасын өзгертіп, сөрелерге қояды. Мамандарымыз солардың ішін оқып тауып алып жатады», - дейді Бауыржан Есмахан.

Тағы да оқыңыздар:

Роналдумен суретке түсу үшін ерлікке барған жігіт қалай қуанды? (фото, видео)

Анна Седокова Кенталды қатты ұнататын болып шықты (видео)

Ақтөбе облысында ер адам өзін жындардың зорлайтынын айтып, көмек сұрады

Байбек: Біз Нью-Йорк те, Копенгаген де болғымыз келмейді

Алматы облысында сәбиін әжетханаға лақтырған бойжеткен алғашқы баласын да тастап кеткен

Ресейлік футболшылар Монте-Карлода 500 шампанға мас болып қалды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1182892-dintanushy-arab-dasturimen-nikab-kiip/

pixel