Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық бойжеткеннің эротикалық суреттері жігітінің кесірінен желіге тарап кеткен

Опубликовано:

Астанада элиталық тұрғын үйдің маңында жалаңаштанып суретке түскен бойжеткен болған жағдайдың мән-жайын айтып берді хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елордадағы жоғары оқу орындарының бірінің 20 жастағы студентіне қатысты іс Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды.

Сот қаулысына сәйкес, бойжеткен 31 қаңтар күні кешке Астанадағы Қалдаяқов көшесінің бойында орналасқан "Лондон" тұрғын үй кешенінің қоғамдық орын болып есептелетін автотұрағында жалаңаш суретке түскен.

Студент қыз жігітінің сол күні Hummer маркалы көлік сатып алғанын және көліктің жанында әдемі сурет жасауы үшін, үйдің ауласында шешінгенін айтқан, ал жігіт оны ұялы телефонының камерасына түсіріп алған.

Бұл суреттер екеуара қолдануға ғана түсірілген. Алайда қыздың сүйіктісі қателесіп, суретті WhatsApp желісіндегі Hummer көліктерінің қоғамдастығы тобына салып жіберген.

Сотта Астана тұрғыны кінәсін толықтай мойындап, ендігінде мұндайды қайталамауға уәде берді.

Тағы оқыңыздар:

"Меломен" тобынан кеткен Жігер Ауыпбаев әріптестері туралы бар шындықты жайып салды

Қожамжаров: Тұңғышбай Жаманқұлов мұндай қадамға барады деп кім ойлаған?!

Павлодарда "Алла" деген жазуы бар жұмыртқа табылды (фото)

Серік Ахметов ісі бойынша сотталған тағы бір адам бостандыққа шықпақшы

Алматыдағы қырғыз нөмірлі көліктерге қауіп төніп тұр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1403040-astanalyq-boyzhetkenninh-erotikalyq-s/

pixel