Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқынынан үйі қирап қалған ақтөбелік тұрғын үш баласымен қаңғыбастың күйін кешіп жүр (фото)

Опубликовано:

Ақтөбеде болған су тасқыны оқиғасына бір айдан асты. Әлі күнге дейін қираған үйлерінің үйіндісін жағалап, жылап жүргендер бар. Жергілікті билік жасалып жатқан жұмыс қорытындысы туралы да хабарламай отыр деп жазады өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Бір айдан бері көмекке қолы жетпей жүрген отбасылар журналистерден көмек сұрады.

«Мен не істерімді білмей басым қатты. Қаңғып жүргеніме бір ай болды. Үш балам бар, біреуі ауырады. Қазір ауру баламды ертіп, аурухана мен әкімшіліктің есігін тоздырып жүрмін. Маған алғашында қалалық әкімдіктегілер құрылыс материалын беруге уәде етті. Арнайы құрылған комиссия төбесі ортасына түскен үйімді көзімен көрді. Енді олар алғашқы ойларынан айнып қалған. Құрылыс материалдарын бермейтін болып шықты. «Миллион теңгеге сертификат береміз болды» деп айтты. Ол миллионды мен неге жеткіземін? Жолдасым жалғыз өзі қираған үйді бұзып жатыр», - дейді Тұрсынгүл Ерубаева.

Ауру қызын жетектеп жүрген тұрғын жанайқайын облыс әкімі естісе дейді.

«Қызым науқас. Кеше ғана он күндік курс емін алдық. Қызым тағы да ауырып қалды. Қайда барарымызды білмей шырылдап жүрміз. Мен еш жерге барып жылап жүрген жоқпын. Бірақ, басқаларға көрсетіліп жатқан тиісті көмекті алғым келеді. Әкімдіктегілердің бізде шаруасы жоқ. Үш баламмен қаңғып жүрмін», - дейді көз жасына ерік берген келіншек.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Алматы облысында сандық ішінен екі баланың мәйіті табылды (фото)

Қатты жауған нөсерден Алматы тұрғындары тағы да тізеден су кешті (фото, видео)

Жақындары билікте отырған отандық жұлдыздар кімдер? (фото)

Түрікке күйеуге шыққан астаналық бойжеткен оңбай алданып қалған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1495886-su-tasqyny-kezinde-uyi-qirap-qalghan-aq/

pixel