Қайрат Жолдыбайұлы: "Өсім беру - анасымен зина жасағаннан да ауыр күнә" деген дұрыс емес
Жарияланған күні:
Естеріңізде болса осыдан біраз күн бұрын көпшілікке танымал уағызшы Әбдіғаффар Смановтың "несие алу анаңмен жеті рет зина жасағанмен бірдей" дегенге саятын уағызы тарап, қоғамда дүрбелең тудырған болатын. Тіпті осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да арнайы пәтуә шығаратындықтарын жария еткен еді. Ал бүгін белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Әбдіғаффардың уағызына өз пікірін білдірді деп хабарлайды Baq.kz.
Өзінің facebook парақшасында жазба жариялаған дінтанушы уағызшының айтқандары ислам дінінен бұрынғы дін өкілдерінің ұстанымы екенін, алайда қазір бұл пайымдаудың әлсіздігін айтады.
"Өсім берудің де, алудың да күнә екені белгілі. Алайда оны кісінің анасымен зина жасағаннан да ауыр күнә деген үкім дұрыс емес. Бұл мазмұнда келген хадисті көпшілік мұхаддис ғұламалар тізбек тұрғысынан да, мәтін тұрғысынан да дәлелге жарамсыз екендігін айтқан. Исламдағы зинаға берілетін жазаның ауырлығына қарап-ақ, оны кісінің анасымен, тіпті жалпы зина атаулымен салыстыруға келмейтінін байқау қиын емес. Өсімнің зинадан да ауыр екендігін білдірген хадистер сахаба Абдуллаһ ибн Сәлам, табиғин Кағбул-ахбар секілді ислам дінін қабылдаған өзге дін өкілдерінің (еврей) риуаяты болмақ. Бұл кісілер бұрынғы діндеріндегі кейбір үкімдерді шатастырып риуаят еткендігі байқалады. Хадистің басқа жолдармен келген (шауаһид, тауабиғ) риуаяттары дәлелге жарамайтындай әлсіз", - дейді Қайрат Жолдыбайұлы.
Тағы оқыңыздар: Жеңіл жазамен құтылып кеткен атышулы "шымкенттік Үсеновтің" әкесі кім?
Сонымен қатар дінтанушы Әбдіғаффардың қазіргі жастарды несие алудан, өсіммен ақша алудан аз да болса тыю үшін осы хадисті мысалға келтіргендігін алға тартады.
"PS: Əбдіғаффар ағамыз талай жастардың тура жолға түсуіне себеп болған кісі. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Хадис жинақтарында кездескен кейбір риуаяттарды жұртты өсімнен сақтандыру мақсатында айтқаны көрініп тұр. Бірақ сəтсіз һəм қате. Алайда кісіні бір екі сөзіне бола мүлдем сызып тастау да дұрыс емес деп ойлаймын", - дейді дінтанушы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1598261-qayrat-zholdybayuly-osim-beru-anasyme/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.